Жаңалықтар

«Астана балет» театры «Қар патшайымы» қойылымын ұсынады

«Астана балет» театры «Қар патшайымы» қойылымын ұсынады
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 08.01.2024 19:07 592

10-13 қаңтар аралығында «Астана Балет» театрында «Қар ханшайымы» жаңа жылдық ертегісі көрсетіледі. Бұл туралы  ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Радик Сәлімовтің музыкасына Георгий Ковтун хореографиясындағы қызықты режиссерлік және көркемдік шешімдері бар туынды отбасылық тамашалауға арналған.

Премьера 2022 жылдың желтоқсан айында өтті және жыл сайын тамаша табыспен өткізіліп, көп көрермендердің сұранысына ие.

Сюжетімен, хореографиясымен, ауқымды декорацияларымен көрерменді баурап алған балет театрдың маэстро Эльмар Бөрібаевтың жетекшілігімен симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өтеді.

Көпшілік сахналары мол, түрлі би лексикаларын қолданған, қойылым барысында қозғалатын әрі ойнатылатын қатты декорациялар мен бутафория – осы әдістердің бәрі «Қар патшайымы» балетінде бар. Спектакль шынымен де ауқымды болып шықты - бізге 200-ден астам костюмдер мен сегіз декорацияны өзгерту қажет болды. Оның үстіне, бұл спектакльге театр труппасының бәрі дерлік, оған қоса Қазақ ұлттық хореография академиясының оқушылары да қатысады, – деп атап өтті театрдың көркемдік жетекшісі Нұрлан Канетов.

Әр күндері басты партияларды «Астана Балет» театрының әртістері сомдайды: Сүндет Сұлтанов пен Назерке Аймұхаметова, Ерқанат Ермағамбет пен Анар Дүкиева, Риза Қанатқызы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға