Астана әуежайында шетелге ұшатын жолаушыларды тіркеу уақыты өзгерді
Ішкі бағыттар бойынша рейстерге ұшуды тіркеу уақыты өзгеріссіз қалады
Фото: ult.kz
Фото: ult.kz
18.11.2022 15:07
1556
Бұл туралы «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының» баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz
«Қазақстан әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қағидаларының 6-тармағына сәйкес, ұшатын жолаушыларды тіркеу бұдан былай халықаралық рейстерде әуе кемесі ұшқанға дейін (әуе кемесіне және жолаушылар санына байланысты) екі сағат бұрын басталады. Бұрын тіркеу ұшудан үш сағат бұрын басталатын.
Ішкі бағыттар бойынша рейстерге ұшуды тіркеу уақыты өзгеріссіз қалады, яғни тіркеу 1,5 сағат бұрын басталады», - делінген ресми хабарламада.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
ТМД-дан кезектен тыс Президенттік сайлауға 174 бақылаушы келеді
Келесі жаңалық
Ақтөбеде ер адам тереңдігі 3 метрге жуық құдыққа құлап кетті