Астана әуежайында автотұрақ бағасы тағы өседі
15 қазаннан бастап Астана әуежайында ақылы автотұрақ бағасы өзгереді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, бағаның қымбаттауына бірнеше себеп бар.
Тұрақ аймағының, жабық паркингінің, әуежайдың экспресс желісі мен бірінші жолағының инфрақұрылымын жақсарту және жолаушыларға қызмет көрсетуді тиісті деңгейде ұстау мақсатында, сондай-ақ объектіні ұстауға жұмсалатын шығыстардың ұлғаюына, оның ішінде 2024 жылға арналған коммуналдық қызметтердің тарифтері ұлғаюына және инфляцияның өсуіне байланысты, сіздерді 2024 жылғы 15 қазаннан бастап қызмет көрсетуші компания «Smart Parking Technologies» ЖШС-ның қосымшада көрсетілген бағаларға сәйкес тұрақ орнын жалға беру қызметі үшін тарифтік жоспары өзгергені туралы хабардар етеміз, - делінген мәліметте.