Астана әуежайы жолаушыларға ескерту жасады
![Астана әуежайы жолаушыларға ескерту жасады Астана әуежайы жолаушыларға ескерту жасады](/storage/storage/element/2023/07/15/mainphoto/59602/1200xauto_UFScadxAGRleaVLLZvh80JAYpBeDzgc5ohWiVgGg.jpg)
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ
15.07.2023 02:32
565
Астана халықаралық әуежайы ұшу-қону жолағындағы жөндеу жұмыстарына байланысты жолаушыларға ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана халықаралық әуежайында 15 шілдеден бастап 8 тамызға дейін ұшу-қону жолағын жыл сайынғы жөндеу жұмысы жүргізіледі.
Жөндеу жұмыстары күн сайын сағат 11:00-ден 18:00-ге дейін жалғасады.
15 шілде мен 8 тамыз аралығында жолаушылардың әуежайға ерте келуін және тіркеуден алдын ала өтуін сұраймыз. Ұшу кестесін түзетуден туындаған жолаушылар ағынының ұлғаюына байланысты әуежайда жолаушылар кептелісі болуы ықтимал, - деп ескертеді әуежай әкімшілігі.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)