Астана әуежайы жолаушыларды гүлмен қарсы алды

Фото: nn-airport.kz
Фото: nn-airport.kz
08.03.2023 15:28
877
Елорданың әуе айлағы Халықаралық әйелдер күніне орай барлық жолаушыларды гүл шоқтарымен қарсы алып, шығарып салды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әуежайда 2200 адам жұмыс істейді, олардың ішінде 860-қа жуық әйел бар.

Әуе айлағының күнделікті жолаушылар ағыны 10 мыңнан асады, оның тең жартысы нәзік жандылар.

Сондай-ақ, «Менің анам әуежайда жұмыс істейді» тақырыбында қызметкерлердің балалары арасында суреттер көрмесі өткізілуде.
.jpg)
Оған 50-ге жуық бүлдіршін қатысты.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Кәсіпкер әйел бизнесте табысқа жетудің құпиясымен бөлісті