Жаңалықтар

Астана әуежайы өзінің 7,5 миллионыншы жолаушысын қарсы алды

Астана әуежайы өзінің 7,5 миллионыншы жолаушысын қарсы алды
Фото: Н.Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі 25.12.2023 19:41 771

Бүгін Астана халықаралық әуежайы 7 жарым миллионыншы жолаушыға қызмет көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл Астана әуежайы үшін рекордтық көрсеткіш. Елорда әуежайының 7 жарым миллионыншы жолаушысы KC853 рейсімен Алматы-Астана бағытымен ұшып келген Сейітқазиевтер отбасы болды.

Біз Алматыдағы туыстарымызға барып, қонақ болып, үйімізге келе жатырмыз. Бірақ рейстен бізді әуежайдың басшылығының өзі күтіп алып, ерекше қонақ боламыз деп мүлде ойлаған жоқпыз. Қазірдің өзінде таңданысымызды жасыра алмай тұрмын. Мұның бәрі ұлым Мансұрдың несібесі шығар деп ойлаймын. Осылай жылы қарсы алғандарыңыз үшін мың рахмет,  - деді Сейітқазиевтер отбасының отағасы Бауыржан.

Қарашада Астана халықаралық әуежайы Terminals Holding компаниясымен бірлескен жұмысты бастады.

Астана халықаралық әуежайы жылдан жылға әлемдік авиациялық қоғамдастықта өзінің танымалдығы мен маңыздылығын дәлелдеп келе жатыр. 2023 жылы Астана халықаралық әуежайынан Әзірбайжан әуекомпаниялары, RedSea, AirCairo, MaviGok әуекомпаниялары тұрақты рейстер орындай бастады. Бүгін әуежайымыздың тарихында жаңа рекорд орнады. Былтыр 6 миллион жолаушы қабылдасақ, биыл көрсеткіш 25 пайызға артып, елорда әуежайы 7 жарым миллионыншы жолаушыға қызмет көрсетіп жатыр», - деді әуежайдың Басқарама Төрағасы Ерғазы Жолдасов.

Инвестор елорда әуежайындағы ұшу қону жолағын күрделі жөндеуден өткізуді және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруды жоспарлап отыр. Нәтижесінде жолаушылар ағынын 2 есе көбейтіп, 14 миллионға жеткізу көзделіп отыр. 

Астана әуежайынан тәуліген орта есеппен 200-ден аса рейс орындалады. 11 айдың көрсеткіші бойынша жыл басынан 30 мың рейс орындалған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға