Жаңалықтар

Астана әуежайы мәлімдеме жасады

Астана әуежайы мәлімдеме жасады
Фото: t.me/nqzairport 06.05.2024 09:33 566

Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі әуежайдың ұшу-қону жолағында жөндеу жұмыстары басталғанын нақтылады. Себебі бұған дейін әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларда күрделі жөндеудің болмайтындығы туралы ақпарат тараған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

1 мамырдан бастап Астана қаласының әуежайында бас мердігерімен бірлесіп ұшу-қону жолағында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша іс-шаралар басталды. Асфальтбетон жұмыстарын жүргізу үшін бас мердігер Астана, Ақтөбе, Шымкент, Қызылорда, Тараз, Талдықорған, Орал және Петропавл қалаларының әуежайларында әуеайлақ жабындарын қайта жаңартуда тәжірибесі бар компанияны жұмысқа тартты. Бүгінгі таңда объектіде инженерлік-геодезиялық ізденістер жалғасуда, сонымен қатар арнайы техника тартылып, инертті материалдар жеткізілуде, - делінген мәліметте.

Осыған байланысты Астана халықаралық әуежайындағы авиарейстер кешкі 22:00-ден таңғы 6:00-ге дейін орындалмайды.

Тиісінше соған дейінгі уақыт аралығында рейстер саны екі есе артқандықтан, жолаушыларға әуежайға 3-4 бұрын келуге кеңес беріледі.

Айта кетейік, әуежайдың қолданыстағы ұшу-қону жолағы 20 жылдан астам уақыт бұрын пайдалануға берілген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға