Астана әуежайы 23 рейстің ұшуын кейінге шегерді
Әуежайда қарды тазарту, оның ішінде ұшу-қону жолағында үздіксіз жұмыстар жүргізілуде
Фото: nn-airport.kz
Фото: nn-airport.kz
11.01.2023 13:00
1554
11 қаңтарда Астана халықаралық әуежайында 23 рейс кейінге қалдырылды. Сондай-ақ, әуе айлағының баспасөз қызметінің мәліметінше, әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі
"Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша ұшып келуге 14 рейс, ұшуға 9 рейс кешіктірілуде. Мұның себебі - әуе кемесінің кеш келуі."Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі
Әуежайда қарды тазарту, оның ішінде ұшу-қону жолағында үздіксіз жұмыстар жүргізілуде.
"Өзекті ақпаратты авиакомпаниялардың call-орталықтарынан, сондай-ақ әуежайлардың анықтамалық орталықтарынан білулеріңізді сұраймыз", - делінген әуежай таратқан ресми ақпаратта.
Бұған дейін Қазақстанның 13 облысында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілгені хабарланған болатын: қатты аязға байланысты республикалық жолдардың 52 учаскесінде режим енгізілуде.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Депутат Кенесары ханның сүйегін елге қайтару мәселесін көтерді
Келесі жаңалық
Ақтөбе облысындағы ауданда мектеп пен балабақша жөнделді