Астана атауын өзгертуге қосымша қаражат жұмсалмайды - министрлік
Бұл шаралар мемлекеттік органдарды ұстауға арналған қаражат шегінде, қосымша ақша бөлусіз іске асырылуы мүмкін.
Фото: Tatiana Dudarenko
Фото: Tatiana Dudarenko
14.09.2022 09:07
1209
Қаржы министрлігі Нұр-Сұлтан атауының өзгеруіне қанша қаражат кетуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды EL.KZ.
Парламент астананың бұрынғы атауын мемлекеттік органдарға қайтару туралы шешім қабылдаған жағдайда, қаражат негізінен ғимараттардағы маңдайшалар мен бланкілерді ауыстыруға қажет болады. Бұл ретте бұл мемлекеттік органдардағы көптеген процестерді цифрландыруды ескере отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. Бұл шаралар мемлекеттік органдарды ұстауға арналған қаражат шегінде, қосымша ақша бөлусіз іске асырылуы мүмкін. Қосымша қаражат қажет емес, - делінген хабарламада.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы