Астана атауын қайтару: Қазақстандықтар талқылауға қатыса алады
БАҚ өкілдеріне Zoom сервисінің платформасына қатысу үшін сілтеме қолжетімді болады.
Фото: accor.com
Фото: accor.com
14.09.2022 22:22
1164
Елорда мәслихаты азаматтарды қала атауын өзгерту жайлы онлайн тыңдауға қатысуға шақырды, деп хабарлады El.kz астаналық әкімдік сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін ономастикалық комиссияның кезекті отырысы өткен болатын. Күн тәртібіне сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласын Астана қаласы деп қайта атау туралы мәселе талқыланды.
2 қыркүйекте парламент мәжілісінің "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобының мүшелері, елорданы Астана деп қайта атау туралы мәселе қозғаған. Олардың ұсынысы Конституциялық заң жобасына енгізілді.
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Онлайн жария тыңдауларға қала тұрғындары және тілек білдірушілер елорда мәслихатының әлеуметтік желідегі ресми парақшасы арқылы қатыса алады. БАҚ өкілдеріне Zoom сервисінің платформасына қатысу үшін сілтеме қолжетімді болады."15 қыркүйек сағат 10:00-де осы мәселе бойынша онлайн тыңдаулар өтеді. Әлеуметтік желілерде, БАҚ-та жарияланған немесе қала мәслихатының maslihat_org@mail.ru поштасына жіберілген ұсыныстар есепке алынып, ертең жарияланады", - делінген ақпаратта.

Бөлісу: