Жаңалықтар

Астана әкімі тағы бес тұрғын үй кешенінің үлескерлерімен кездесті

Астана әкімі тағы бес тұрғын үй кешенінің үлескерлерімен кездесті
Фото: gov.kz 15.12.2022 15:15 1086

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында «Коргалжинский квартал», «Комсомольский», «Шығыс 4-1», «Тұран-Сығанақ» тұрғын үй кешендерінің үлескерлерімен кездескенін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы елорда әкімдігнің ресми сайты мәлімеді.

«Үлескерлермен кездесуді әрі қарай жалғастырамын. Бүгін тағы 5 көппәтерлі тұрғын үй кешенінің үлескерлерімен кездестім. Олардың қатарында «Коргалжинский квартал», «Комсомольский», «Шығыс 4-1», «Тұран-Сығанақ» тұрғын үй кешендерінің үлескерлері, сол сияқты «Наш дом Аниса» тұрғын үй кооперациясының өкілдері бар.

Аталған көппәтерлі тұрғын үй кешендеріндегі үлескерлердің жалпы саны - шамамен 1,5 мың адам. Жылдар бойы тұрған үйлердің жай-күйі әртүрлі. Бірінде жақтауы ғана көтерілген, ал енді бірінде іргетасы ғана тұр. Мәселен «Шығыс 4-1» тұрғын үй кешенінің кейбір блоктары тек іргетасы күйінде ғана тұр.

Кездесу барысында үлескерлер түрлі проблемаларды қозғады. Олардың арасында үйдің құрылысы, инженерлік желілер, сол сияқты абаттандыру, құжаттама және тағы да басқа бар. Құрылыс қарқынын арттыруды тапсырдым.

Құрылысы ұзаққа созылған 51 нысанның ішінде осыған дейін 36 нысанның проблемалары шешілді. Қалған 15 нысанның 7-еуін алдағы айларда аяқтаймыз, 8 нысан (30-дан астам тұрғын үй кешені) – 2023 жылы.

Жергілікті орындарда өтетін мұндай кездесулерді барлық үлескермен ұйымдастырамын. Сол сияқты қаланың елді мекендері мен аудандарының тұрғындарымен жеке кездесемін», - деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға