Жаңалықтар

Астана әкімі қоғамдық кеңістіктер қайда ашылатыны туралы айтты

Астана әкімі қоғамдық кеңістіктер қайда ашылатыны туралы айтты
Фото: instagram.com/jenis_qasymbek 23.04.2024 22:09 570

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында қалада ашылатын қоғамдық кеңістіктер туралы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ауа райы жылынғаннан кейін елордамызды көркейту бойынша ауқымды жұмыс басталып кетті. Нақтырақ айтқанда, абаттандыру және көгалдандыру, жол жөндеу және салу, санитарлық тазалау, жөндеу-қалпына келтіру жұмысы және тағы басқа. Биыл 170-ке жуық аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандыруды жоспарлап отырмыз. Сол сияқты жоспарымыз бойынша, 1 миллион жасыл желек отырғызылады. Мәселен, Ұлытау аллеясын, Мәңгілік ел, Тәуелсіздік даңғылдарын ауқымды деңгейде абаттандырып, көгалдандырамыз. Сондай-ақ, «Қазақ елі» алаңын, «Мыңжылдық» аллеясын, Жүргенов аллеясындағы гүлзарды, «Керуен» СОО жанындағы гүлзарды және тағы басқа абаттандырамыз, – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Сонымен қатар, ескі вокзал мен оған іргелес Гете мен Біржан сал көшелерінің аумағы абаттандырумен қамтылады. Жағалау шағын ауданы да кешенді абаттандырылады. Бұған қоса, Ақбұлақ жағалауы, Президент саябағы және «Бейбітшілік пен келісім» саябағы енетін Есіл өзенінің бойындағы саябақ кластерін абаттандыруды жоспарланған.

Аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмысы барлық ауданда, оның ішінде елді мекендерде де жүргізіледі.

Жол жұмыстарына тоқталар болсам, биыл 50-ден астам көшені жөндеуді жоспарлап отырмыз. Тағы 200-ден астам көше ағымдағы жөндеумен қамтылады. Сонымен қатар, күнделікті негізде жөндеу-қалпына келтіру жұмысы, санитарлық тазалау, экоакция және тағы басқа жүргізіліп жатыр, – деп жазды Жеңіс Қасымбек

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға