Жаңалықтар

Астана әкімдігі Украинаға қолдау митингін өткізуден бас тартқаны рас па?

Астана әкімдігі Украинаға қолдау митингін өткізуден бас тартқаны рас па?
Фото: primeminister.kz 30.06.2023 13:04 1878

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек «Әкімдік Украинаны қолдап, митинг өткізуден бас тартты» деген ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Украинаны қолдап, митингке шығуға неге рұқсат бермей отырсыздар деген журналистің сұрағына әкім бізде ондай ақпарат жоқ деп жауап берді.

Жыл басынан бері бізде жүздеген келіскен митингтер өтті. Ал Украинаға қарсы ма, қолдай ма, ондай мәселені біз көтермейміз. Ал құжаттардың бәрі заңды болса, онда заңды түрде рұқсат берілетін болады. Сіз айтқан мәселе бойынша нақты ақпаратты тексеріп, жауабын беретін боламын, – деді Жеңіс Қасымбек.

Бұдан өзге, журналист бұған дейін әкімге өзіңіз қатысқан жиында «Астана резіңке емес, жаппай көшіп келуді тоқтату керек» деген мағынада сөз айтылды. Жалпы мұндай пікірдің айтуылы неге байланысты? Өзіңіз де сондай ойдасыз ба? Астанаға көшіп келушілерді шектеу керек пе деген сауал қойылды.

Мен бірде-бір рет мұндай пікірді айтқан емеспін. Бұл – елорда. Біз унитарлы мемлекетпіз. Қазақстан халқы басқа өңірлерден осы қалаға көшіп келсе, бізде ешқандай шектеу жоқ. Ал келіп жатқан қаншама азаматтарды қабылдау үшін Астана сапалы инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дайындау керек. Халық келіп жатыр, бірақ мектеп, әлеуметтік нысандар жетпей жатыр. Жылу, су мәселесі толығымен шешімін тапқан жоқ. Сол себепті осы мәселелелрді тездетіп шеші керек, – деді Астана қаласының әкімі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға