Жаңалықтар

«Астана» мен «Атлетико» тең түсті (ФОТО)

3 қараша күні елордамыздағы «Астана Арена» стадионында УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында «Астана» футбол клубы» испаниялық «Атлетико Мадрид» клубын қабылдап, теңбе-тең нәтижеге қол жеткізді.
26.11.2015 06:32 3697

3 қараша күні елордамыздағы «Астана Арена» стадионында УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында «Астана» футбол клубы» испаниялық «Атлетико Мадрид» клубын қабылдап, теңбе-тең нәтижеге қол жеткізді.

«Астана» мен «Атлетико» тең түсті (ФОТО)

Алғашқы таймда екі команда бірдей ойын көрсетті, тіпті кейбір тұстарда «Астана» басым болып жатты: қысым жасау, қақпаға бағытталған соққы, бұрыштама добы. Ойынның айқын фавориті «Атлетико» мардымды шабуыл ұйымдастыра алмады. 

Ойынның бірінші жартысында «Астана» сапында Жуниор Кабананга өте жақсы ойнады. Матч басталысымен алға ұмтылған Жуниор алғашқы минуттарда-ақ қауіпті шабуыл ұйымдастыра білді.

44 минутта астаналық Евгений Постников Фернандо Торрестің футболкасынан ұстап қалғаны үшін сары қағаз алды. Осымен бірінші тайм аяқталды.

Екінші таймда бүкіл стадион «Атлетиконың» одан белсендірек ойынынан қауіптенді. Алайда астаналықтардың бағына орай, екінші тайм да бірсыдырғы жүріп жатты. 56 минутта Годин екінші қабаттағы күресті жеңіп алып, баспен соққы бағыттаған болатын, бірақ доп Эричтің қолына дөп түсті. 

60 минутта Бауыржан Жолшиев Хуанфранға қарсы ойын көрсеткені үшін сары қағазбен «марапатталды».  Келесі сары қағазды Серікжан Мужиковтың орнына шыққан Георгий Жуков алды. Соңғы жиырма минутта «Атлетико» қарқыны шынымен күшейді: алаңға жаңадан шыққан тың Джексон Мартинес астаналықтарды біраз «терлетті». Бірақ 30 мың жанкүйердің демеуімен Станимир Стойловтың шәкірттері ойынды аяғына дейін жеткізіп, нәтижелі тең ойынға қол жеткізді.  

«С» тобындағы екінші кездесу «Бенфика» мен «Галатасарай» клубтары арасында өтіп, 2:1 есебімен португалиялықтардың пайдасына аяқталды. Осылайша, 4 турдан кейін Бенфика 9 ұпаймен көш бастаса, Атлетико 7 ұпаймен екінші орында, 4 ұпайы бар «Галатасарай» мен 2 ұпай жинай білген «Астана сәйкесінше үшінші және төртінші орындарда. Бүгінгі тең ойын «Астана» футбол клубы үшін топтан шығуға кішкентай болса да бір үміт сыйлады.  

Бір қызығы, «Астана» УЕФА Чемпиондар лигасы аясындағы өз алаңындағы барлық матчтарда бірде-бір жеңіліп көрмепті.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан екі апта бұрын Мадридтегі ойынға Станимир Стойлов негізгі құрамдағы 6 ойыншы Қазақстанда қалдырып, қосалқы құрамды алып барған болатын. Сол кезде көпшілік бас жаттықтырушының бұл шешімін құптамай, «Астана» клубын сынға алып жатты. 4:0 есебімен жеңілген соң сынайтындар одан да бетер көбейді. Дегенмен мұндай қадамға Стойлов бекер барған жоқ. Қазақстанның Премьер-Лигасында соңғы турларда өте қызық жағдайлар орын алды. Сол сәтке дейін бірінші орында келе жатқан «Қайрат» клубы «Атыраумен» тең ойнап, «Астана» командасына үміт сыйлаған болатын. Ол үшін «Астана» өзінің қалған ойындарының бәрінде жеңіске жетуі тиіс еді және ең алдымен сырт алаңда «Қайраттан» үш апай алып, оны ұпайсыз қалдыру қажет болды. Эмоцияға берілмеген Стойлов тактикалық дұрыс қадам жасап, алматылық «Қайратты» сырт алаңда 1:0 есебімен ұтып, Премьер-Лиганың жеңімпазы болуға бір қадам жақындады. 

«Астана» мен «Атлетико» тең түсті (ФОТО)

«Астана» мен «Атлетико» тең түсті (ФОТО)

«Астана» мен «Атлетико» тең түсті (ФОТО)

«Астана» мен «Атлетико» тең түсті (ФОТО)


Дәурен Омаров

Фото - Бауыржан Жуасбаев

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға