Жаңалықтар

«Астана» футбол клубының Чемпиондар лигасы аясында өз алаңында өткізетін матчтарына билет сату 21 қыркүйек күні басталады

Спекуляцияны болдырмау үшін ұйымдастырушылар билеттердің басым бөлігін онлайн-режимде сатуды жоспарлап отыр.
21.09.2015 03:15 3447

«Астана» футбол клубының Чемпиондар лигасы аясында өз алаңында өткізетін матчтарына билет сату 21 қыркүйек күні басталады

Спекуляцияны болдырмау үшін ұйымдастырушылар билеттердің басым бөлігін онлайн-режимде сатуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, бір адамға сатылатын билет саны да шектелгелі отыр, бір банк карточкасына және электронды адреске бар-жоғы 4 қана билет сатылады. Енді ұзақ уақыт бойы кезекте тұру міндетті емес, ниет білдірген әрбір жанкүйер өз ұялы телефоны, планшеті, компьютері арқылы қажетті билеттерге қол жеткізе алады Онлайн-сатылымның әріптесі – «Тикетон» жүйесі. «Билет сатып алу» батырмасын келесідей интернет-ресурстардан таба аласыз: www.ticketon.kzwww.vesti.kzwww.sports.kzwww.fca.kz.

Билет бағалары УЕФА өкілдерінің ұсынысы бойынша жасалды және түркиялық «Галатасарай» мен португалиялық «Бенфика» клубтарымен болатын ойынға 2 000 және 10 000 теңге аралығында болмақ. Мадридтік «Атлетикоға» қарсы ойынның ең қымбат билеті 12 000 теңге тұрмақ. ВИП орындарға арнайы баға қарастырылған. Билетті қолдан жасау ешкімнің қолынан келмейді, өйткені оның үш деңгейлі қорғанышы бар және ол стадионға кірер кезде арнайы аппарат арқылы тексеріледі. Билеттің ерекше екендігін қолмен ұстап-ақ сезуге болады.
 
Сатылымға бірден үш матчтың билеттері түседі. Осылайша, жанкүйерлерде ыңғайлы орындарды алдын ала сатып алуға мүмкіндік туады. Онлайн-режимде билетті сатып алған соң жанкүйер QR-коды бар электронды билетке ие болады. Одан кейін ол электронды билетті 3 пункттің бірінде («Мега» сауда-ойын-сауық орталығында, «Қазақстан» спорт кешенінде және Конгресс-Холлда) басып алуға болады.
Ұйымдастырушылар сервиске де көңіл бөлуде. Әлемге танымал «KFC» және «Family Food» компаниялары барлық 30 000 жанкүйерді тамақтандыруға дайын.

Ойынның басталу уақыты – Астана уақытымен 22.00. Көлігіңізді үйде тастап кетуге де себеп бар – барлық жанкүйерлерге «Астана Аренаға» дейін жеткізіп салатын автобустан даярлануда. Ойын біткен соң сол автобустар жанкүйерлерді қалаға кері алып келеді.  
 
 30
қыркүйек күні, Астана уақытымен сағат 19.00 уақытында  автобустар жанкүйерлерді келесі мекен-жайлар бойынша күтеді:

 
1.      «Қазақстан» спорт кешені

2.      Қ.Мұңайтпасов атындағы стадион

3.      «Нұр-Астана» мешіті

4.      Салтанат Сарайы

«Астана» футбол клубының Чемпиондар лигасы аясында өз алаңында өткізетін матчтарына билет сату 21 қыркүйек күні басталады


«Астана» ФК баспасөз қызметі

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға