Жаңалықтар

Astainable - 3D форматтағы қала

Үстіміздегі жылғы мамыр айында қол қойылған Астана қаласының әкімдігі мен Франция үкіметі арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандум аясында қаланың тұрақты дамуын қамтамасыз етуді көздейтін «Astainable» жобасы бойынша жұмыс басталды.
19.11.2014 14:24 4187

Astainable - 3D форматтағы қала

Үстіміздегі жылғы мамыр айында қол қойылған Астана қаласының әкімдігі мен Франция үкіметі арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандум аясында қаланың тұрақты дамуын қамтамасыз етуді көздейтін «Astainable» жобасы бойынша жұмыс басталды. Жобаның атауының өзі «Astana» және «sustainable» (тұрақты) сөздерінен тұрады. Жоба Астананың 2017 жылға дейінгі қысқамерзімді және 2030 жылға дейінгі ұзақмерзімді тұрақты дамуының 3D-ынталандырушысын әзірлеуді тұспалдайды, – дейді «Astana Innovations» компаниясының Басқарма төрағасының орынбасары Азиза Көпбосынова.

Оның айтуынша, Астананың 3D-моделіне астананың қазір жұмыс істеп тұрған барлық құрылыстары мен кәсіпорындарын қосады, ол қазіргі инфрақұрылымды көрнекі көруге, сондай-ақ оның дамуының әртүрлі нұсқаларын жоспарлап, зерттеуге мүмкіндік береді. Страсбург және Марсель секілді «ақылды» қалаларды құру бойынша жобаларды іске асыру тәжірибесі бар EIFFAGE, EGIS, GDF SUEZ француз компаниялары көптеген жобаларды, оның ішінде, салқындатқыш генераторлық қондырғыларды пайдалану жөніндегі жобаларын ұсынбақ. Осылайша, мәселен, Париждегі Канада алаңында «Ызғар фабрикасы» – өнімділігі 52 мегаватт қалалық. салқындатқыш станциясы орналасқан. Бұл станция суық суды өндіріп, абоненттеріне – бір жарым-екі километр қашықтықтағы ірі ғимараттарға – қонақүй, мұражайлар, сауда және кеңсе орталықтарына құбыр арқылы жібереді. Абоненттер алынған суық суды өз қажеттіліктеріне (көбіне кондиционерлеу үшін) пайдаланады және орталыққа қайтарып жібереді.Осылайша, абонент-ғимараттар салқындатқыш агрегаттарды орналастыру және оларға қызмет көрсету проблемаларынан құтылса, қала сыртқы келбеті, даңғаза шуылдан және энергетика тарапынан ұтады.

Astainable - 3D форматтағы қала

Қазіргі кезде бұл бастаманы іске асыратын «Climespace» компаниясында Парижде салқындату қуаты 8-ден 52 мегаватқа дейін жететін сегіз орталығы бар, олардың үшеуі Сенаның суымен салқындатылады. Құбыр өткізгіштің жалпы ұзындығы 70 километрді құрайды. Қазір оған Париждің шамамен 500 ғимараты, оның ішінде Лувр және Опера Гарнье қосылған. Бұл технологияны пайдалану жазғы уақытта қорға жиналған резервтер есебінен аз қуатты пайдаланумен ғана шектелуге мүмкіндік береді. Біздің астаналық ауа-райы ондай технологияларды пайдалануға ыңғайлы, – дейді Азиза Көпбосынова. Сондай-ақ француздық компаниялардың ұсынатын жобаларының қатарында желдетудің тиімді жүйесі бар «ақылды» ғимараттар бар.

Бұл бағыттағы жұмыс витраждармен тастай бекітілген астаналық зәулім ғимараттар үшін әсіресе өзекті. «Француз архитекторы Жан-Полем Вигьенің туындысы «Маджунг мұнарасы» деп аталатын энерготиімді ғимаратын негізге алу жоспарлануда. Үстіміздегі жылдың тамыз айында бұл жобаның тұсаукесері өтті. Ғимарат Париждің таяу қала түбіндегі заманауи іскерлік және тұрғын үй орамы Дефанседегі эспланадада орналасқан. Онда шыны жырықтары бар ақ металмен кезектесіп келеді. Жіңішке желкөз технологияларының арқасында бөлме жұмсақ желдетіледі, бұл таза ауаның келуін қамтамасыз етіп, ресурстарды едәуір үнемдейді. Құрылыс дизайны жаңа өмір сүру тәсілдерін зерттеудің қорытындысын және жаңғырту қажеттілігін көрсетеді. Маджунг мұнарасы креатив пен жаңаруға деген ұмтылысқа толығымен жауап береді», – деп әңгімелейді Көпбосынова. Оның айтуынша, ондай құрылыс шешімдері конди-ционерлеуге жұмсалатын қаражатты үнемдеуге және ғимаратты қарапайым желдету мүмкіндіктерін барынша пайдалануға жол ашады.

Astainable - 3D форматтағы қала

Сондай-ақ астанада қалдықтарды, су ресурстарын басқаруға және қала көліктерін дамытуға қатысты жобаларды іске асыру жоспарлануда, басқаларының қатарында француз мамандары арқанды түрін байқап көруді ұсынады. Олардың пікірінше, Астанада арқанды көлік құралдарын дамыту үшін мүмкіндіктер бар. Жаңа шешімдер табиғи ландшафтқа интеграцияланып, бар табиғи ортамен келісті үйлеседі. Бұл технологиялық және архитектуралық шешімдердің көбі 3D-ынталандырушыда ұсынылатын болады. Бірінші кезекте «Astainable» жобасы Астананың экологиялық таза көлік, энергожүйені ұйымдастыру, тұрақты құрылыс және қалалық экожүйе, оған қоса, сумен қамтамасыз ету, қалдықтарды басқару, қоршаған ортаны қалпына келтіру салаларында тұрақты қалалық даму қажеттілігін анықтауды көздейді. Астананың үшөлшемді виртуалды моделіне кіріктірілген осы шешімдердің барлығының сыртқы келбеті 3D-тұсаукесерінде көрсетілетін болады.

 

Жанна Саурова

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға