Жаңалықтар

Ассамблея ханшайымы

Ассамблея ханшайымы
08.03.2018 04:53 2262

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 6 наурызда Петропавл қаласының Достық үйінде «Ассамблея ханшайымы – 2018» байқауы өтті.

Конкурс ұрпақтар байланысын нығайтуға бағытталды, бұл ретте жастар – басты қозғаушы күш, ал аға ұрпақ – патриотизм, көп ұлтты еліне деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу үлгісі болып табылады.

Алғаш рет конкурсқа 45 және одан жоғары жастағы (ең үлкен қатысушы Нине Полякова 80 жаста) әйелдер, Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Барлығы 9 қатысушы болды, әр ханым өзі жайында айтып, ұлттық тағам әзірлеп, шығармашылық тапсырманы орындауы тиіс.   

Сонымен қатар қатысушыларға шығармашылық қабілеттері мен ерекше таланттарын ашуға мүмкіндік беретін қызықты конкурстар ұйымдастырылды. Ханымдар ойындарға қатысып, нағыз джентельмендермен вальс биледі, бұл тұста кербезділгін, білімпаздығы мен даналығын танытты.

Қазылар алқасы мүшелерінің алдына сұлулық пен нәзіктікке ие, жұрт алдында өзін ұстай білу қабілеті, аспаздық шеберлігі, шешендік өнері бар Ассамблея ханшайымын таңдау міндеті қойылды.

Құзыретті қазылар алқасы құрамында «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Әсемгүл Есқожа, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Жәрдемшілер клубының басшысы Алена Писаренко, облыстық мәслихат хатшысы Владимир Бубенко болды. Алға қойылған міндетті қазылар алқасы ойдағыдай орындады, құрметті атақты «Urpaq» қазақ мәдени-ағартушылық орталығының төрайымы Гүлбақша Мұсабаеваға беруді бір ауыздан шешті.

Конкурс қорытындысы бойынша сұлу ханымдар мынадай атақтарға ие болды:

 «Сымбат ханшайымы» – Надежда Рудикова,  «Қазақстанның орыс қауымы» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

«Сән ханшайымы» – Евгения Холодных, «Солтүстік Қазақстан облысының орыс қауымы»  қоғамдық бірлестігінің белсендісі.

«Қиял ханшайымы» – Сусанна Арутюнян,  «Кентрон» Солтүстік Қазақстан облыстық армян мәдениеті орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі.

«Әсемдік ханшайымы» – Нина Полякова, ең үлкен қатысушы, Солтүстік Қазақстан облыстық еврей орталығы вокалды тобының орындаушысы.

«Күлкі ханшайымы» – Раиса Рамазанова,  «Дуслык» татар-башқұрт қоғамдық орталығы «Лайсан» вокалды тобының орындаушысы.

«Сыпайылық ханшайымы» – Валентина Корнева,  «Коперник» поляк мәдени орталығы төрағасының орынбасары.

«Аристократтық ханшайымы» – Нэлли Савенкова, «Видергебурт» Солтүстік Қазақстан облыстық неміс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі.

«Нәзіктік ханшайымы» – Күлімкөз Смаилова, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы.

Барлық номинация иелері Халықаралық әйелдер күніне арналған  «Ассамблея ханшайымы – 2018»  конкурсына қатысқаны үшін дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға