Жаңалықтар

Асқарбек Ертаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды

Асқарбек Ертаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды
Фото: t.me/KZgovernment 09.08.2024 12:08 402

Елімізде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ертаев Асқарбек Маратұлы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды, - делінген мәліметте.

Асқарбек Ертаев 1977 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

«Нұр» Ақтөбе менеджмент, бизнес және құқық институтын, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімі аппаратының өнеркәсіп, көлік, байланыс, құрылыс және коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі II санаттағы маман болып бастаған.

2000-2014 жж. банк саласында әртүрлі қызметте жұмыс істеді.

2014-2021 жж. ҚР Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің бас сарапшысы, басқарма бастығы, директордың орынбасары, Стратегиялық талдау және даму департаментінің директоры.

2021-2022 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚР Қауіпсіздік кеңесі Талдау бөлімінің сектор меңгерушісі.

2022 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Үкіметі Аппараты Экономикалық бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті.

Ал вице-министр болып тағайындалғанға дейін ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға