Жаңалықтар

Асқар Жұмаділдаевтің есебін 19 жылдан бері ешкім шеше алмай келеді

Асқар Жұмаділдаевтің есебін 19 жылдан бері ешкім шеше алмай келеді
Фото: Ақорда 16.02.2025 14:31 495

Белгілі математик Асқар Жұмаділдаев 19 жыл бұрын есептің мәнін шығарған адамға 100 доллар беремін деп жария еткен болатын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, одан кейін біршама уақыт өткенімен, ұсыныс әлі де өзекті. "Қазақстан" телеарнасының эфирінде академик есеп шығарған жанға берілетін сыйақы көлемі де өскенін мәлім етті.

"Әңгіме міндетті түрде дәл шығару емес. Ең болмағанда, соның бір идеясын айтса, былай шығарсақ дұрыс болады деген логикасын айтса. Соның өзі де үлкен олжа болар еді мен үшін. Шамамен 6-7 адам алды. Бір бала 300 доллар алды. Бір бала 100 доллар алды. Бірақ соңғы кезде балалар да қу болып алды. "Аға, бізге доллардың керегі жоқ, бізге баға керек. Бес қойып беріңіз, болды, - дейді. 

Академик қоғамға есебінің мәнін табу ұсынысы бұдан 19 жыл бұрынғы бастама екенін, қазіргі таңда есепті шығарған адамға беретін сыйақы көлемі де өскенін атап өтті. 

Шығарған адамға 1900 доллар беремін, - деді ол. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға