Асқар Мамин, Серік Сәпиев: Ұлттық олимпиада комитетінің жаңа құрамында кімдер бар
Астанада Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Бас Ассамблеясының кезектен тыс отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жиында ұйым қызметіндегі маңызды сәттер талқыға түсіп, шешімдер қабылданды. ҚР ҰОК жоғары басқарушылық органдарының отырысына олимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық спорттық федерациялардың 35 өкілі мен ҚР ҰОК спортшылар Комиссиясының екі өкілі қатысты.
Комитеттің әр сала бойынша өкілдері тағайындалды.
Ұлттық олимпиада комитетінің қысқы спорт түрлері бойынша вице-президенті – Мамин Асқар Ұзақбайұлы.
Ұлттық олимпиада комитетінің жалпы мәселелер бойынша вице-президенті – Мырзабосынов Ербол Қуантайұлы.
Ұлттық олимпиада комитетінің параолимпиадалық спорт түрлері бойынша вице-президенті – Сәпиев Серік Жұманғалиұлы.
Ұлттық олимпиада комитетінің бас хатшысы – Өтешева Жанар Азырқанқызы.
Айта кетейік, Геннадий Головкин Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болды.
Орта салмақта WBA, WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы өзінің сайлануына қатысты пікір білдірді.