Жаңалықтар

Асқар Илиясов пен Айя Шалқардың бірге жүргені қызу талқыға түсті

Асқар Илиясов пен Айя Шалқардың бірге жүргені қызу талқыға түсті
Фото: Коллаж El.kz/instagram 04.02.2024 13:46 1440

Актер Асқар Ильясов пен модель, дизайнер Айя Шалқардың бірге жүргені әлеуметтік желі қолданушыларының арасында қызу талқыға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айя Шалқардың шын есімі - Аяулым. Жоғары білімін Францияда алған. Ол қазақ, орыс, ағылшын, француз, неміс тілдерін жетік меңгерген. «АШ» брендінің негізін қалаушы. Son Paskal-дің «Мен сені сүйемін» және Jah Khalib-тің «Медина» бейнебаяндарына түскен.

Бұған дейін Айя болашақ күйеуінің ұлтына қатысты сауалға жауап берген еді.

Маған «Қазақ жігітіне тұрмысқа шығасың ба, әлде шетелдікке шығасың ба?», «Біз сені шетелдікке шығады деп ойлап жүргенбіз» деген сауалдар жиі қойылады. Менде ұлтқа қатысты қағида жоқ. Әрине, өз ұлтыңнан шыққан адам саған жақынырақ болады. Онымен коммуникацияны құру оңайырақ – бір-біріңді білесіңдер, бэкграундтарың ұқсас, ол жағынан жақсы болар еді деймін. Бірақ, өкінішке қарай, қиынырақ. (...) Кеш емес, әрине, 27-темін, әлі қартайып отырған жоқпыз, - деді Айя Шалқар.

Танымал актер Асқар Ильясов ШЫҰ кинофестивалінде «Үздік ер адам рөлі» номинациясында жеңіске жеткен. Асқар мен Айя қарым-қатынасы туралы әзірге ресми ақпарат бермеді. Дегенмен, желіде жарияланып жатқан видеолардан екеуінің бірге қол ұстасып, құшақтасып жүргенін байқауға болады. 

@dddaisydayyy #айяшалкар #аскарильясов #рек #fypシ゚viral #askarilyassov #askarilyassovedit #ayashalkar #переписка ♬ original sound - 𝐒𝐏𝐎𝐓𝐈𝐅𝐘
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға