Жаңалықтар

Аскорбин таблеткасын көп жесе не болады

Аскорбин таблеткасын көп жесе не болады
Фото: golden-bee.ru 30.01.2024 20:59 5205

Аскорбин қышқылы – адам ағзасына ауадай қажет микроэлементтің бірі. Ол биохимиялық реакциялар мен қорғаныс механизмдерін реттеуші рөлін атқарады. Адам ағзасында өте аз мөлшерде кездесетіндіктен, оны сырттан қабылдауға тура келеді. Сонымен, аскорбин қышқылын көп мөлшерде қабылдасақ қандай жағдайларға тап боламыз?

Аскорбин таблеткасының құрамына не кіреді

Аскорбин таблеткасы — глюкозасы бар С дәрумені. Өндірушіге байланысты ол бір дражеде 50 мг аскорбин қышқылы бар кішкентай сары шар тәрізді болады немесе құрамында 3 грамм глюкозасы бар үлкенірек 10–25 мг  тәтті ақ таблетка болып келеді. Яғни, дәмі жағына кәмпитке көбірек ұқсайды.

Сонымен қатар, 500, 1 000, 2 000 мг қышқыл қосылған қоспалар бар, әрине олар көлемі жағынан таблетка деуге келмейді.

Күніне неше аскорбин таблеткасын жеуге болады

Ол адамның жынысы мен жасына тікелей байланысты. С дәруменінің әрбір жасқа арналған күндік белгіленген профилактикалық дозасы бар.

 

Бір күнде қанша аскорбин қышқылын жеуге болады

Өндірушілер қанша сары дражені пайдалануға ұсынады

Қанша С дәруменін ішуге болады

Бұл сары драженің нешеуі

Бір жастан үш жасқа дейінгі балалар

15 мг

400 мг

8

4–8 жастағы балалар

25 мг

1

650 мг

13

9–13 жастағы балалар

45 мг

1

1 200 мг

24

14–18 жас аралығындағы қыздар

65 мг

1

1 800 мг

36

14–18 жас аралығындағы ұлдар

75 мг

1

1 800 мг

36

19 жастан үлкен әйелдер

75 мг

1–2

2 000 мг

40

19 жастан жоғары жүкті әйелдер

85 мг

1–2

2 000 мг

40

Емізетіндер

120 мг

1–2

2 000 мг

40

19 жастан жоғары ер адамдар

90 мг

1–2

2 000 мг

40

Бір жасқа дейінгі сәбилерге С дәруменін берудің қажеті жоқ, ол анасының сүті немесе қосымша тамақ арқылы ағзасына түседі, - дейді педиатр Камшат Нұрланқызы.

Ересектерге күніне 2 000 мг С дәруменін қабылдау қауіпсіз саналады. Бұл ілгерідегі кестеде көрсетілгендей қырық сары драже. Алайда, жоғарыда айтып кеткендей аскорбин таблеткасының құрамында витаминнен бөлек, глюкоза да бар. Біздің ағзамызға күніне 30 грамға дейін қант жеудің өзі жеткілікті екенін еске саламыз.

Сонымен, аскорбин таблеткасын көп жесе не болады

Ересек адам 3 000 мг артық жесе, бүйрек пен темірдің сіңуінде айтарлықтай проблемалар туындайды. Сондай-ақ, мөлшерден артық дәрі қабылдаудың симптомдары:  қыжыл, лоқсу, диарея, бас ауруы біліне бастайды. Жалпы С витаминнің артық болуы антиоксиданттардың дисбалансын бұзып, бүйректе тас пайда болуына, қанның кейбір ауруларына, темірдің шамадан тыс көбеюіне алып келеді.

Бірақ, аскорбин таблеткасын артық қабылдау мүмкін еместей. Себебі, 1 000 мг кейін-ақ, дәріні ішектердің сіңіруі қиындай бастайды. Алпыс дражеден артық жеудің өзі қиындық туғызатынын осыдан байқауға болады.

Баланың артық мөлшерде аскорбин қышқылын қабылдауы аз дозадан-ақ білуге болады. Алайда, оның артық жегенінен жанама әсері байқалмауы мүмкін. Көп жағдайда құсу, лоқсу, іш ауруы немесе диарея туындап жатады. Басқа таблеткалар сияқты аксорбин дәрісін балалардың қолы жетпейтін жерде сақатаған жөн. Артық мөлшерде жеп қояды дегеннен емес, аспирация мен ауа жетпей қалу қаупінен сақтанған дұрыс, - дейді балалар дәргері Камшат Нұрланқызы.

Көп аскорбин таблеткасын жеп қойса, не істеу керек

Артық мөлшерде қабsлдап қою өте сирек кездесетін жағдай. Сондықтан әлеуметтік кеңестер жоқтың қасы. Соған қарамастан көп су ішіп, артық таблетканы тезірек ағзадан шығаруға тырысқан жөн. Жағдайыңыз нашарлап бара жатса, міндетті түрде дәрігерге қаралған жөн.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға