Әскерилер жүзден астам адамды қар құрсауынан құтқарды

Фото: Бейнежазбадан скриншот
Фото: Бейнежазбадан скриншот
18.02.2024 22:28
945
Шығыс Қазақстандағы 68303 әскери бөлімі авариялық-құтқару шұғыл жұмыстарын сәтті жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әскерилер қар құрсауында қалған 120 адамды, оның ішінде 6 баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады.
Сондай-ақ, Қалбатау ауылынан Көкпекті ауылына және Боғас учаскесіне дейінгі бағыттар бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын тазарту жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстарға барлығы 25 әскери қызметші мен 4 техника жұмылдырылды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Жамбыл облысында құрылыс нысандары тексеріліп жатыр
Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды