Жаңалықтар

Әскерилер тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлерді еске алды

Әскерилер тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлерді еске алды
Фото: Қорғаныс министрлігі 07.04.2025 20:30 152

Астанада Пшихавр шатқалындағы Ішкі әскерлердің біріккен ротасы (қазіргі ҚР Ұлттық ұланы) күші басым содырлар тарапынан шабуылға ұшыраған қайғылы күннің 30 жылдығына орай еске алу шаралары өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осыдан 11 жыл бұрын 1995 жылы тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан ішкі әскерлердің 17 жауынгерінің есімдерін мәңгі жадымызда сақтау үшін орнатылған ерлік аллеясындағы «Ер есімі – ел есінде» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шараға Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық ұланның, Қорғаныс министрлігінің, «Қарулы күштердің ардагерлері» РҚБ өкілдері, тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері қатысты.

Рәсім бір минут үнсіздіктен басталды. Сол ұрыста қаза тапқандардың бірі қатардағы жауынгер Ербол Бекебаевтың анасы Жанат Елубайқызы өз естеліктерін айтып берді. Анасының айтуынша ұлы үлкен жүректі, болашағына сенетін арманшыл қарапайым жігіт болған.

Сын сағатта да ол әскери борышына адал болып, адам нанғысыз табандылық танытты, осы қалпында туған-туыстарының және халқының жадында мәңгі қалады, – деді Жанат Бекебаева.

Сол күні ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Ұлттық ұланның бейне студиясы дайындаған, тәжік-ауған шекарасындағы шайқас туралы баяндайтын деректі фильмнің көрсетілімі өтті.

Бұл күні Ұлттық ұланның барлық әскери бөлімдерінде жас жауынгерлердің бойында патриотизмді қалыптастыруға тәрбиелейтін және батырларды еске алу шаралары өткізілетінін айта кеткен жөн.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға