Жаңалықтар

Әскери қызметшілердің еңбекақысы артады

Әскери қызметшілердің еңбекақысы артады
Фото: egemen.kz 29.12.2022 11:32 2434

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ұшқыштар құрамы, әскери медициналық мамандардың және әскери жоғары оқу орындарындағы оқытушыларының  еңбекақысы көтеріледі. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Төтенше жағдай кезінде мәселенің салдарын жоюға қатысатын әскери қызметшілердің ақшалай үлесін 3 есе арттыру көзделген.

«2023 жылы Қорғаныс күштері қызметкерлерінің орташа еңбекақысы 60 пайызды құрайтын болады. Сонымен қатар, арнайы тағайындалған әскери мамандардың еңбекақысы 20 пайызға артады. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап тарифті санат бойынша қарулы күштеріндегі қатардағы әскери қызметшілер, сержанттардың еңбекақысы 30 пайызға артады», - деді Сұлтан Қамалетдинов.  

Сонымен қатар, әскери қызметте 25 жыл болып келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін әскери қызметшіге еңбек өтілі үшін зейнетақы төлемдерін алу құқығы беріледі.

2016 жылы 1 қаңтардан бастап әскери қызметтен кеткен қызметшілерге мемлекеттік базалық зейнетақы алу құқығы қарастырылған. 1998-2016 жылдар аралығында әскери қызметте болған қызметшілерге қызметтен кеткен күннен бастап зейнетақы мөлшері жылдық индексация көлемі бойынша берілетінін атап өтті.  

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға