Жаңалықтар

Әскери қауіпсіздік саласындағы құжаттар жаңартылды

Әскери қауіпсіздік саласындағы құжаттар жаңартылды
Фото: © СЦК 25.04.2023 13:15 1226

Бас штаб бастығы – Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары генерал-майор Қаныш Әбубәкіров жауынгерлік қимылдарды жүргізудің жаңа тәсілдері мен әдістерін енгізу туралы айтып берді.

Әкімдіктің, аумақтық бөлімшелердің, орталық мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары түрлі дағдарыстық жағдайларды оқшаулау, әскери жағдайдың құқықтық режимін
енгізу кезіндегі іс-шараларды ұйымдастыруда қажетті тәжірибе жинақтай алды, – деді
генерал-майор Қаныш Әбубәкіров.

Генерал-майор қазіргі заманғы қарулы қақтығыстарда дәстүрлі де, гибридті де қарсы күрес әдістері қолданылатындығын атап өтті. Оның айтуынша, Қарулы күштер кез келген көлемдегі әскери қақтығыста мемлекет пен оның халқының мүдделерін қорғауға дайын болуы керек.

«Бүгінгі таңда әскери іс-қимылдардың барысы мен нәтижесіне алыс қашықтықтағы атысты жоюдың жоғары дәлдіктегі құралдарының, ұшқышсыз авиацияның, тосқауылдайтын оқ-дәрілердің болуы, арнайы мақсаттағы бөлімшелердің, сондай-ақ ақпараттық кеңістікте
күрес құралдарының қолданылуы әсер етеді», – деді полковник Дәурен Абдуллин.

Қорғаныс ведомствосының өкілдері Президенттің күштік құрылымдардың өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз ету, олардың жедел және әскери-техникалық үйлесімділігін жолға
қою жөніндегі тапсырмасының іске асырылу барысы туралы да хабардар етті. Биылғы сәуір айында Жетісу облысында жергілікті атқарушы органдар мен Ұлттық ұлан, ҰҚК Шекара қызметі және Төтенше жағдайлар министрлігі аумақтық бөлімшелерінің
қатысуымен «Бекет-2023» ведомствоаралық оқу-жаттығуы және Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бөлімшелерінің тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Бұдан өзге Гвардейск гарнизонындағы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының «Мәтібұлақ» оқу полигонында «Көкжал-2023» тәжірибелік-зерттеу тактикалық оқу-жаттығуы өтті. Брифингке қатысушыларға әскери қауіпсіздік саласындағы құжаттардың жаңартылғаны туралы да хабардар етілді. Мемлекет басшысы Қарулы күштерді дамыту тұжырымдамасын бекітті. Әскери доктринаны қайта қарау жұмыстары жүргізілді. Бұдан өзге құрылымдық өзгерістер жүргізілуде. Автоматтандырылған жүйелер енгізілді. Басқаруды орталықсыздандыруға баса назар аудара отырып, бөлімшелердің іс-қимыл тактикасы жетілдірілуде. Осы шаралардың барлығы бөлімшелерді қолданудың тиімділігі мен олардың автономды жағдайда әрекет ету қабілетін арттыруға бағытталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға