Әскери полицияның бас басқармасында ашық есік күні өтті
Астанада әскери полицияның бас басқармасында қызметшілердің отбасы мүшелері үшін Ашық есік күні өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Полковник Руслан Құлымбетов әскери полиция құрылымында әскери қызметшілердің жақындарының қатысуымен мұндай іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұратынын мәлімдеді.
Аталған шарада келушілерге әскери полиция органдарының әскери техникасы мен қару үлгілері, әскери қызметшілердің жауынгерлік жабдықтары таныстырылды. Кинолог мамандар қызметтік иттерді үйрету өнері мен бірлескен іс-қимыл элементтерін көрсетсе, жедел әрекет ету бөлімшесінің әскери қызметшілері балаларға қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін көрсетті.
Сонымен қоса, әскери қызметшілердің отбасылары үшін спорттық эстафета ұйымдастырылды. Жүлдегер командалар әскери полиция бас басқармасы басшысының атынан естелік медальдармен және бағалы сыйлықтар табысталды.
Осындай іс-шаралар әскери полицияның барлық өңірлік бөлімшелерінде өтіп, оған 700-ден астам бала қатысқан.