Әскери полицияда тағылымдамадан өту ережесі қайта қаралды
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
28.02.2023 14:55
920
Әскери полиция бас басқармасы Қорғаныс министрінің "Әскери полиция органдарына қызметке алғаш рет кіретін адамдардың сынақ мерзімінен өту және тағылымдамадан өту қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының жаңартылған жобасын дайындады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл нормативтік құқықтық құжат Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери полиция органдарына әскери қызметке алғаш рет кіретін адамдардың сынақ мерзімінен өту және тағылымдамадан өту тәртібін айқындайды.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен "Электрондық үкімет" порталында "Ашық НҚА" бөлімінде осы жылдың 13 наурызына дейін танысуға болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Баланы кітап оқуға қалай қызықтырамыз?