Әскери оркестр Есіл жағалауында шеру өткізді
Қазақстан Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының әскери оркестрі елорда тұрғындары мен қонақтарын Отан қорғаушылар күнімен ерекше құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кенесары хан ескерткішінің жанынан қозғалған әскери оркестр музыканттары Есіл өзенінің жағасымен "Атырау" көпірі арқылы саябақ аллеясымен жүріп өтті. Музыкалық шеру Орталық саябақтағы субұрқақтың жанында аяқталды.
Мереке күндері мұндай іс-шараларды ұйымдастыру ежелден келе жатқан дәстүріміз. Біз адамдар көп жиналатын вокзалдарда, сауда-ойын-сауық орталықтарында және алаңдарда өнер көрсетеміз. Музыканттардың қойылымдары көрерменге жақсы көңіл-күй сыйлайды. Бізді әскери киім нысанынан таниды. Көрерменнің реакциясын көріп, үлкен қолдау сезінеміз, - деді ҚР Қарулы күштерінің Бас әскери дирижері, подполковник Алмас Ибрагимов.
Дирижер капитан Нұрлан Кучкаровтың жетекшілігімен оркестрлер марштарды, қазақтың халық әндерін, сондай-ақ, патриоттық әндер мен попуррилер орындады.