Әскери билетті сатып алмақ болған астаналық оңбай алданды
Фото: Ақмола облыстық Полиция департаменті
Фото: Ақмола облыстық Полиция департаменті
13.03.2024 06:05
820
Әскери билетті оңай жолмен алмақ болған елорда тұрғыны алаяққа алданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ер адам шамамен осыдан 7 ай бұрын банкте кепілге қойылған автокөлік құжаттарын қайта ресімдеуде қиындықтарға тап болған. Содан өзінің танысына жүгінген. Танысы тек көлік құжатын емес, әскери билет дайындап беруге уәде еткен. Бұл қызметін ол 260 мың теңге бағалаған.
Арада бірнеше ай уақыт өтіп, берілген уәдені күте-күте шаршаған астаналық танысынан ақшаны қайтарып беруді талап еткен. Бірақ нәтиже болмаған соң полицияға жүгінуге тура келіпті.
Қосшы қаласының полицейлері бұл жайтты алаяқтық ретінде зерттуде. Күдіктінің жеке басы анықталды.
Оқи отырыңыз:
- «Қайтарымсыз несие алып беремін»: Түркістанда жас жігіт тұрғындардарды алдап кеткен
- 24 жастағы банк қызметкері тұрғындардың 35 млн теңгесін жымқырған
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға