Жаңалықтар

Әскери билетті қалай алуға болады?

Әскери билетті қалай алуға болады?
Фото: El.kz 07.05.2023 11:31 3240

Кез келген азамат 27 жасына дейін Отан алдындағы борышын өтеп, әскери билет алуы тиіс. Алайда билетті алудың да, әскери қызметтен босатылудың да өзіндік ережелері бар.

Әскери билетті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ және www.egov.kz электрондық порталы арқылы алуға болады. Билетті www.egov.kz порталынан алу үшін алдымен оның сайтына кіру керек. Кейін «кіру» батырмасын басып, «электронды цифрлы қолтаңба» сертификатын таңдап, құпиясөз енгізу қажет. Одан әрі азамат «әскери есеп және қауіпсіздік» бөліміне кіріп, қай санатқа жататынын таңдайды. Оған барлық категориялар кіреді.

Азаматтар әскери билетті мынадай екі жағдай бойынша өтініш жасап ала алады:

Біріншісі, денсаулық жағдайы бойынша әскери есепке берілуге тиісті 27 жасқа толмаған әскери міндеттілер.

Тіркеу кезінде «Бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды» деп танылған азаматтарға облыстық әскерге шақыру комиссиясының шешімі негізінде сержант, сарбаз әскери билеті беріледі.

Медициналық (әскери-дәрігерлік) комиссия әскери есептен шығару арқылы әскери қызметке жарамсыз деп танылған азаматтар әскери есепке қабылданбайды.

Ол азаматтарға мынадай құжаттарды тапсыру қажет болады:

- жеке куәлік (сәйкестендіру үшін);

- тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы (бар болған кезде);

- көлемі 30х40 мм екі фотосурет (фотосуреттер өтініш иесінің жасына сәйкес болуға және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, беті фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 70 пайызын алатындай жасалуға тиіс).

Екіншісі, Әскерге шақырудың кейінге қалдырылуына (босатылуына) байланысты әскери қызмет өткермеген және осы ЖӘБО-да әскери есепте тұрған 27 жасқа толған азаматтар.

Оларға мынадай құжаттарды тапсыру қажет болады:

- жеке куәлік (сәйкестендіру үшін);

- тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы (бар болған кезде);

- көлемі 30х40 мм екі фотосурет (фотосуреттер өтініш иесінің жасына сәйкес болуға және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, беті фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 70 пайызын алатындай жасалуы тиіс).

«Запастағы офицерлерге, сержанттарға, сарбаздарға әскери билеттер немесе олардың телнұсқаларын беру» қызметі 38-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беру арқылы жүргізіледі.

Әскери билетті алмағандар қалай жазаланады?

Әскери есепке 18 бен 27 жас аралығындағы ер азаматтар жатады. Сондықтан аталған жастағы ерлердің әскери билеті болмаса, олар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 647 бабына сай 5 айлық есептік көрсеткіште айыппұл төлейді. Егер азамат айыппұлын мойындаса, 7 күн ішінде 50 пайыздық жеңілдікпен төлеуге құқығы бар.

Ақылы әскери қызметтен кімдерге өтуге болады?

Ақылы негіздегі әскери қызметті 24 пен 27 жас аралығындағы денсаулық жағдайына байланысты әскери қызметке жарамды немесе жарамдылығы шектеулі, соның ішінде әскери қызметке шақыру мерзімі кейінге қалдырылған азаматтар өтей алады. Ол үшін алдын ала қажет құжаттарды әскери комиссариатта дайындап қою керек.

«Әскери қызмет және әскери қызметкерлердің мәртебесі туралы» Заңның 12-бабына сәйкес азаматтарды дайындау ақылы түрде Әскери қызметке азаматтарды даярлау ережелері негізінде жүзеге асырылады. 

Әскери билетті алу мерзімін кімдер кейінге шегере алады?

Кез келген санаттағы азаматтар шегере алады. Атап айтқанда, мерзімін кейінге қалдыру отбасы, білімін жалғастыру, денсаулық жағдайы бойынша және басқа да себептермен ұсынылады.

Бейбіт уақытта қандай азаматтар әскери қызметтен босатылады?

Ол тізімнің ішінде мынадай азаматтар бар:

- денсаулығына байланысты әскери қызметке жарамсыз деп танылған;

- 27 жасқа толғаннан кейін заңды түрде әскери қызметке шақырылмаған;

- туысқандарының бірі (әкесі, анасы, ағасы немесе әпкесі) әскери міндетін орындау кезінде қайтыс болған немесе бірінші немесе екінші топтағы мүгедек болған;

- басқа мемлекетте әскери (балама) қызмет өткен;

- Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңының 51-бабы 9-тармағында көзделген жағдайларды есептемегенде Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткергендер.

- Ғылыми дәрежесі барлар;

- Діни тіркелген бірлестіктердің дінбасылары.

Әскерге шақырудан кімдер босатылады?

Ол тізімге мынадай азаматтар кіреді:

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында қорғаныс, қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге байланысты лауазымдарда жұмыс істейтін адамдар;

- мемлекеттік, азаматтық және эксперименттік авиация персоналы;

- егін және егін жинау кезеңінде ауыл шаруашылығында және ауылшаруашылық техникаларын жөндеу ұйымдарында жұмыс істейтін адамдар;

- оқу жылындағы күндізгі оқу ұйымдарының профессорлық-оқытушылық құрамы;

- күндізгі оқу ұйымдарындағы студенттер;

Әскери қызметке шақырылатын әйелдер;

 - Запасқа жіберілгеннен кейін екі жыл ішінде әскери қызметке жарамды;

- Он сегіз жасқа дейінгі үш немесе одан да көп баласы бар адамдар;

- Өздеріне қатысты тергеу, алдын ала тергеу немесе қылмыстық іс жүргізіліп жатқан адамдарды сот қарайды;

Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе жергілікті өкілді органдардың депутаттары сайлайтын (тағайындайтын) әскери қызметке жауапты адамдар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға