Жаңалықтар

Әскери байланысшылар радиорелелік байланыстың жаңа құралдарын зерделеуде

Аталмыш байланыс машиналары 2023 жылдың қаңтарында әкелінді
Әскери байланысшылар радиорелелік байланыстың жаңа құралдарын зерделеуде
Фото: ҚР ҚМ 18.02.2023 16:59 2061

Десанттық-шабуылдау әскерлерінің байланыс бөлімшесінде Қарулы күштердің байланысшылары арасындағы жиын аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл жиынға «Бүркіт» жаңа цифрлық станцияларын зерделеу үшін Қазақстан әскерінің байланыс бөлімшелері қызметіне кіретін радиорелелік байланыстың 30-ға жуық маманы келді.

Төрт күн бойы офицерлер мен келісімшарт әскери қызметшілері теорияда және іс жүзінде әр түрлі мақсаттағы радиорелелік желілер мен байланыс арналарын ұйымдастыруға арналған «Бүркіт» Р-409МЦ станциясының тактикалық-техникалық сипаттамаларын зерделеді. 

Аталмыш байланыс машиналары Қарулы күштерге 2023 жылдың қаңтарында әкелінді. Мамандардың айтуынша, бұған дейін радиорелелік байланысты радиорелелік станциялардың көмегімен қамтамасыз еткен. Енді байланысшылар цифрлық жабдықтармен жұмыс істейтін болады.

Жаңа цифрлық станция деректерді 40 шақырымға дейін қашықтыққа жіберу мүмкіндігіне ие.  Оның өткізу қабілеттілігі шегінде E1 және Ethernet ағындарының трафигін икемді қайта бөлу мүмкіндігі бар. «Бүркіт» Р-409МЦ құралының басты артықшылықтарының бірі – бейнеконференция байланысын ұйымдастыру, сондай-ақ оның параметрлерін дербес компьютер арқылы бақылау және басқару мүмкіндігі, – деді станцияның қызметі жайлы Десанттық-шабуылдау әскерлері 16194 әскери бөлімі байланыс батальонының командирі подполковник Виктор Сенчилов.

«Бүркіт» Р-409МЦ цифрлық радиорелелік станциялары биыл наурыз айында өтетін «Батыл тойтарыс» оқу-жаттығуында іс жүзінде қолданылады. Оқу-жаттығу барысында байланысшылар сондай-ақ байланысты ұйымдастырудың жаңа үлгілерін де сынап көрмек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға