Жаңалықтар

Әскерде мүгедек болған Ербаян Мұхтар елге оралады

Әскерде мүгедек болған Ербаян Мұхтар елге оралады
Фото: www.instagram.com/inga_imanbay 27.01.2025 22:14 328

Әскерде жүріп басынан ауыр жарақат алған Ербаян Мұхтар Стамбұлда емінің алғашқы кезеңін аяқтап, Астанаға қайтатын болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы белгілі құқық қорғаушы Инга Иманбай мәлімдеді. 

Оның сөзінше, Ербаян енді 2-3 ай елде болып, ағзасын толық қалпына келтіргеннен кейін көктемде Түркияға қайта оралып, емінің екінші кезеңін бастамақ. Ол Астанада нейрохирург профессор Гёкхан Акдемирдің бақылауында болады деп күтіліп отыр. Бір айдан кейін дәрігер өзі Қазақстанға келіп, Ербаянның жағдайын тексеретін болады. 

Ербаянның Стамбұлдағы емін ұйымдастырып, барынша қолдау көрсеткен Динара мен Реджеп есімді азаматтарға да алғыс айтылған. Сонымен қатар, оның ата-анасы емнің алғашқы кезеңіне кеткен қаражат бойынша жақын арада есеп бермек.

22 жастағы Ербаян отбасында төрт балалы отбасының тұңғышы. Әскерге өз еркімен барып, бірнеше айдан кейін Алматыдағы 5571 әскери бөлімінде бас сүйек-ми жарақатын алғаны мәлім болды. Оқиғадан кейін ол комаға түсіп, ауруханаға жеткізілген. Әскерилер оның жарақатын дәретханадағы құлау оқиғасымен байланыстырса, туыстары бұл нұсқамен келіспейтінін айтқан.

2023 жылдың қыркүйек айында Ербаянды Стамбұлдағы «Медикал Парк» емханасына апарып, емдеу жұмыстары басталды. Алдағы кезеңдерде оның сауығуына ұзақ уақыт пен табандылық қажет екені айтылып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға