Жаңалықтар

Әскер спортшысы Әлем кубогында қола жүлде олжалады

Әскер спортшысы Әлем кубогында қола жүлде олжалады
Фото: Қорғаныс министрлігі 28.01.2024 20:35 876

Мысыр астанасы Каирде 66 елдің 600-ден астам атқышы қатысып жатқан атудан рейтингтік Әлем кубогы өтуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, ҚР Қарулы күштерінің қызметкері Валерий Рахымжан Ирина Юнусметовамен жұптасып, 10m Air Pistol Mixed Team жаттығуында қола медаль жеңіп алды. Итальяндық спортшылар Chiara Giancamilli және Federico Nilo Maldini қазақстандықтарға 16:8 ұпаймен есе жіберді. 

Әлем кубогы спортшыларымызға ISSF кестесі бойынша өз рейтингін көтеруге және Франциядағы 2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға лицензия алуға мүмкіндік береді. Айта кетер жайт, Валерий өзінің туған күнінде осындай беделді турнирде жүлделі орынға ие болды. Оны шын жүректен құттықтаймын және жаңа нәтижелі өнер көрсетулеріне тілектеспін, – деп атап өтті Орталық спорт клубы практикалық және стендтік ату командасының бастығы Жанел Серікбаева.

Атыс бойынша рейтингтік Әлем кубогына армия спортшылары кіші сержант Әсем Орынбай, Қарулы күштердің қызметшілері Эльдар Иманқұлов пен Юрий Юрков та қатысуда. Жарыс 1 ақпанда аяқталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға