АШМ фермерлерге келтірілген залалды өтеу ережелеріне өзгерістер енгізеді
АШМ табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде АӨК субъектілеріне келтірілген залалды өтеу тәртібін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы және жабайы жануарлардың зақымдауынан ауыл шаруашылығы алқаптарына келтірілген залалды бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту жөніндегі министрліктің құзыретін белгілеу мәселелері бойынша Үкімет қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар жобасын әзірледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысының алты ауданында суармалы су тапшылығына байланысты өңірлік ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі жарияланған болатын. Үкіметтің төтенше резервінен фермерлердің шығындарын жабуға қаражат бөлу туралы мәселе шешілуде.
Сонымен қатар, Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында киіктердің таптап өтуінен биыл 121,9 мың га егістік жерлер зардап шекті. Жүргізілген көктемгі әуе есебіне сәйкес киіктердің саны 1,9 млн жетті.
Қағидалардың жобасымен «Ашық НҚА» порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14686252 сілтемесі арқылы егжей-тегжейлі танысуға болады.