Жаңалықтар

Асхат Шахаров Ақтөбе облысындағы су тасқынына қатысты ахуалды айтты

Асхат Шахаров Ақтөбе облысындағы су тасқынына қатысты ахуалды айтты
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі 26.03.2024 15:33 599

Ақтөбе облысында көктемгі су тасқынының алдын алу және салдарын жою мақсатында барлық қажетті шаралар қабылданды. 

Қазіргі уақытта облыс аумағында жағдай тұрақты, менің жеке бақылауымда. Облыстың төрт ауданында – Әйтеке би, Байғанин, Темір және Мұғалжар аудандарында су тасқыны жағдайы тіркелді. Кешеден бастап кейбір елді мекендерге еріген қар суы келді, бірақ еш нысанға зақым келген жоқ. Қажетті жұмыстар толыққанды жүргізілуде. Оқиға орындарында ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың 650-ден астам қызметкері жұмылдырылған, барлық қажетті техника, күштер мен құралдар бар. Ахуал күрделенген жағдайда 3 мың адам су тасқыны салдарын жоюға кірісуге дайын, - деді  Асхат Шахаров.

Бүгін ол ағымдағы жағдаймен танысу үшін Темір ауданына барады. 

Өңір басшысы сондай-ақ облыстағы үш ірі су қоймасы - Ақтөбе, Сазды және Қарғалы су қоймалары тұрақты бақылауда екенін алға тартты. Олардың жағдайы алаңдаушылық тудырып отырған жоқ. 

Су тасқыны салдарынан зардап шеккендердің барлығына көмек көрсетіледі деп атап өтті Асхат Шахаров. 

Айта кетейік, былтыр облыс аудандарында 1,1 млрд теңгеге 17 су тасқынына қарсы жоба іске асырылды. Су тасқынынан қорғау жоспарын толық орындау үшін тағы 11 млрд теңге қажет. Бұл қадам өңірдегі су тасқынының алдын алу мәселесін толығымен шешуге мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға