Жаңалықтар

Асхат Аймағамбетов жылу апатына қатысты шындықты айтты

Асхат Аймағамбетов жылу апатына қатысты шындықты айтты
Фото: © El.kz 12.12.2023 10:50 1413

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов өңірлерде болып жатқан жылу апаттарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қыс басталмай жатып осындай проблемаға кездестік. Не себепті осындай мәселемен бетпе-бет келіп отырмыз? деген тілшінің сауалына депутат бұл жерде кешенді қарау керектігін айтты.

Өкінішке қарай, қыс басталмай жатып ең бірінші аяз мынандай апаттарға әкеліп соқты. Әрине, бұл жерде жылыту маусымына дайындық сапасын айту қажет. Жылыту маусымына дайындық сапасын айтқан кезде, біз осы мемлекеттік энергия сияқты басқа да өкілетті органдардың құзыреттілігін айтуымыз керек. Кезінде біз кәсіпкерлдердің құқығын қорғаймыз дедік. Әрине, қорғау керек. Бірақ үлкен монополистердің құқығын қорғамауымыз қажет. Үлкен кәсіпорындар мен үлкен ЖЭС-тер болса, оған мемлекеттің тиісті бақылау органдары кіріп тексере алатындай мүмкіндік болуы қажет, – деп атап өтті.

Сондай-ақ мәжілісмен мемлекеттік органдардың құзыретін кеңейту қажеттігін атап өтті.

Қалтамыздан төлейтін коммуналдық тарифтерді өсіреміз дейміз. Енді ол түсінікті. Алайда осы тарифтердің ертең монополистер мен олигархтардың қалтасында қалмай, нақты осы модернизацияға баратынына көзіміз жетуі үшін біз мемлекеттік органдар, соның ішінде энергетика аудитінің құзыретін кеңейтуіміз керек. Себебі қазір оларда айтарлықтай құзыреттілік жоқ. Сондықтан бірінші кезекте әкімдіктер осы жылыту маусымына дайындалуы қажет, – деді ол.

Десе де депутат, екінші жағынан, кезінде барлық мекеме жекеменшікке беріліп кеткен соң әкімдіктердің де қолы қысқа деп отыр.

Сол себепті Үкімет те бұл проблемамен айналысуы керек. Жалпы біз кәсіпкерлік деп үлкен монополистерді қорғамай, олардың да жауапкершілік мәселесін қарап, ашықтығын қамтамасыз ету қажет, – деп тілге тиек етті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға