Жаңалықтар

Асхат Аймағамбетов мемлекеттік органдардың тиімсіз жұмысын сынады

Асхат Аймағамбетов  мемлекеттік органдардың тиімсіз жұмысын сынады
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 27.06.2023 11:20 888

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Премьер-министр Әлихан Смайыловқа депутаттық сауалын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжілісмен депутаттардың жаңа жағдайда жұмыс атқарып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, Заң жобалары Қоғамдық палата алаңында, азаматтық қоғам өкілдері, ғалымдар мен сарапшылармен бірге жан жақты талқылынуда.

Қазірдің өзінде қоғамдық бақылау, активтерді қайтару және басқада маңызды заңдар қабылданды. Мұның бәрі депутаттық корпус пен Үкіметтен бірлескен және үйлесімді жұмысын талап етеді. Алайда, бірінші сессия барысында бірнеше проблемалық сұрақтарды байқадық, - деді депутат.

Атап айтқанда, Конституция бойынша депутаттардың заң шығару бастамасы құқығы бар. Жаңа шақырылымның ерекшелігі – ең маңызды мәселелер бойынша депутаттардың бастамашыл заң жобаларын белсенді әзірлеуі. Заңнамаға сәйкес олар Үкіметтің қорытындысына жіберілуі керек. Алайда, депутаттар мемлекеттік органдардың әлсіз, тиімсіз жұмысы істейтінін байқаған.

Біз ғылым және ғылыми-технологиялық саясат бойынша заң жобаларын әзірледік. Президенттің тапсырмасы да бар екенін білесіздер  Үкімет осы заңды маусым айының соңына дейін енгізулері керек еді. Алайды, үлгермеді. Ал депутаттар болса, өздері бастамашылық етіп бұл заң жобасын дайындады. Бұған қоса білім, мәдениет және т.б. туралы заң жобаларырын да депутаттардың өздері әзірленді, - дейді Асхат Аймағамбетов.

Бірақ, мәселе мынада, мемлекеттік органдар заң жобаларын әзірлеу олардың ғана құзыреті деп санайды. Біз әзірлеген заң жобаларын сылғырт қарайды.

Келесі мәселе - Үкімет қорытындыларының қажеттілігі туралы. Жұмыс топтарында талқылау барысында мемлекеттік органдар барлық нормаларды Үкіметтің қорытындысына жіберуді талап етеді.

Алайда, Конституцияның 61-бабы 6-тармағына сәйкес мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін заң жобалары ғана Үкіметінің оң қорытындысы болған кезде енгізілетіндігін атап өткен жөн. Сондықтан, Үкіметтің қорытындысына тек шығынды талап естетін нормалар ғана жіберілуі қажет. Жалпы, осындай тәжірибені болдырмас үшін Үкімет регламентіне тиісті түзетулер енгізу қажет деп санаймын, - дейді мәжілісмен.

Үшіншісі - Бұл депутаттардың түзетулеріне Үкімет қорытындысын қарау мерзімдері. Депутаттардың түзетулеріне Үкіметтің қорытындылары Парламент Мәжілісіне 4-5 айдан кейін келіп түседі.

Сондықтан, біздің ойымызша, Үкіметтің қорытындыларын келісу рәсімін қайта қарау, олардың өтуін қиындататын кедергілерді жою және заң жобасына қорытынды дайындаудың толық мерзімін – 1 айдан аспайтын мерзімге жасау қажет.

Оқи отырыңыз: 

Жылыту маусымына дайындық жұмыстарын нашар деп бағалаймын – Смайылов

Төртінші. Үкімет нормасының нақты ұсынылатын редакциясын енгізбей, жай ғана депутаттардың түзетулеріне теріс қорытынды жасау практикасын тоқтату қажет .

Бұған қоса осы қорытындылардың тұрақты болуын қамтамасыз ектен жөн. Өйткені бір мәселе бойынша бірнеше позиция келетін жағдайлар аз емес. Қорытындай келе, аталған проблемаларды мұқият қарап, тиісті шемдімдерді қабылдауды ұсынамын. Біздің мақсаттарымыз бір, илеп жатқан бір терінің пұшпағы, сондықтан Елімізді дамыту мен Президенттің тапсырмаларын сапалы орындау үшін депутаттар мен үкімет мүшелері үйлесімді әрі тиімді жұмыс атқарады деп сенемін, - дейді депутат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға