Жаңалықтар

Асхат Аймағамбетов Бишімбаевты қолдап жатқан блогерлердің әрекетін сынады

Асхат Аймағамбетов Бишімбаевты қолдап жатқан блогерлердің әрекетін сынады
Фото: коллаж El.kz 28.02.2024 14:52 1240

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов экс-министр Қуандық Бишімбаевты қолдап жатқан блогерлердің ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды EL.kz  ақпарат агенттігі.

Депутаттың айтуынша, бұл мәселеде соттың, заңның үстемдігі болуы керек.

Біз соттың ісіне араласпауымыз керек. Бұл сұрақ Мемлекет басшысының тікелей бақылауында болғандықтан, әділетті сот өтіп, кінәлі азамат өз жазасын алады деп сенемін. Бұл жерде қорғау ақылға қонымсыз. Мұндай мәселелерді қоғам болып қорғамай, дұрыс позицияны сақтауымыз керек. Ең бастысы, бізде заң бар. Сот болады, сотта барлық факт айтылады. Сот шешім қабылдайды, - деді мәжілісмен.

Асхат Аймағамбетов Бишімбаевтың ісі сотта әділ қаралатынына сенім білдірді.

Бұл іс Президенттің бақылауында, әділетті шешім болатынына сенемін. Өйткені бұл үлкен резонанс тудырған мәселе. Фактілерді, видеоларды, анықтамаларды көргеннен кейін азаматтарымызда нақты позиция қалыптасты деуге болады. Енді соттың шешімін күту керек, - деп атап өтті.

Мәжіліс депутатының сөзінше, еліміздің заңнамасына сәйкес егер алқа билері соты заңсыз шешім қабылдайтын болса, ол шешімді қайта қарап, заңдылықты орнатуға мүмкіндік бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға