Асад отбасымен бірге Мәскеуге келді – ТАСС
Фото: РФ президентінің ресми сайты
Фото: РФ президентінің ресми сайты
08.12.2024 22:51
1155
Сирия президенті Башар Асад елдегі азаматтық соғыстан соң Ресей астанасын паналаған. Бұл туралы Кремльдегі дереккеөзге сілтеме жасай отырып ТАСС мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Басылым Асадтың отбасы мүшелерімен бірген Мәскеуге келгенін, ал Ресей Федерациясының билігі оларға саяси баспана бергенін жазған. Сирияның қарулы оппозициясының басшылары Ресейдің әскери базалары мен дипломатиялық мекемелерінің қауіпсіздігіне кепілдік бергені атап өтілді.
Бұған дейін сириялық көтерілісшілер Дамаскіні бақылауға алғаннан кейін президент Башар Асад биліктен азат етілгені мәлім болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандық тоғыз боксшы Азия чемпионатының финалына өтті
Келесі жаңалық
«МҰЗ-2024»: Шымкентте 15 қауіпсіздік белгісі орнатылды