Жаңалықтар

Қаржы саласындағы қазақша кітаптар жарық көрді

Тұсаукесер
24.06.2016 11:12 9922

Бүгін «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан халқы ассамблеясымен бірлесіп, «Қаржы-банк терминдерінің «орысша-қазақша-ағылшынша» сөздігі, қаржы-банк саласы қызметкерлеріне қазақ тілін деңгейлеп оқытуға арналған оқу құралдары, әлемнің ең кең тараған 12 тілін қамтыған банк қызметкерлеріне және қаржылық қызметтерді тұтынушыларға арналған сериялық тілдескіштердің тұсаукесер рәсімін өткізді.

Қаржы саласындағы қазақша кітаптар жарық көрді

Бұл кітаптар «Қаржы-банк саласына арналған қазақ тілінің оқу-әдістемелік және сөздік-анықтамалық кешені» жобасының аясында әзірленген. Аталған жоба осыдан үш жыл бұрын қолға алынған. Оны дайындауға қырықтан астам авторлар, ғалымдар, ғылыми әдіскерлер, оқытушылар қатысқан. Кітаптарды шығарудағы басты мақсат – қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту.

Қаржы саласындағы қазақша кітаптар жарық көрді

Шараға «Астана» халықаралық қаржы орталығының басшысы Қайрат Келімбетов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов, мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков және осы кітаптың жарық көруіне атсалысқан авторлар, ғалымдар, өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Қаржы саласындағы қазақша кітаптар жарық көрді

«Астана» халықаралық қаржы орталығының басшысы Қайрат Келімбетов әлемнің кең тараған 12 тіліндегі сөздіктер «ЭКСПО – 2017» шарасының қарсаңында жарыққа шыққанын айтты.

«Жарық көрген кітаптар – қаржы саласында білімін жетілдіргісі келетін жандар үшін таптырмас құрал. 40 мың терминді қамтитын сөздік те тіл үйренушілерге пайдалы. Бұрын-соңды қазақ тілінде мұндай кітаптар жарық көрмегендіктен, аталған жобамызды жаңалық деуге болады» деді Қайрат Келімбетов.

Қаржы саласындағы қазақша кітаптар жарық көрді

Ал, Мырзатай Жолдасбеков игі бастамасы үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығына алғысын білдірді.

Қаржы саласындағы қазақша кітаптар жарық көрді

 40 мыңға жуық термин мен ұғымды қамтыған «Қаржы банк терминдерінің «орысша-қазақша-ағылшынша» сөздігінде аталған саланың қолданыстағы терминдері бірізділікке түсіп, көптеген терминдердің жаңа, өзекті баламалары берілген. Қаржы-банк саласының қызметкерлеріне қазақ тілін деңгейлеп (бастауыш, орта, жетік) оқытуға арналған оқу құралдары отандық «Қазтест» және еуропалық стандарт жүйесіне сай әзірленген. Әлемнің жетекші 12 тілінде, атап айтқанда, ағылшын, неміс, француз, испан, араб, парсы, жапон, түрік, кәріс, қытай, хинди және орыс тілдеріндегі «Банк қызметкерлеріне және қаржылық қызметтерді тұтынушыларға арналған сериялық тілдескіштер» елімізде алғаш рет жарық көріп отыр.

Қаржы саласындағы қазақша кітаптар жарық көрді

Шараға жиналған қауым жобаның мемлекеттік тілдің қаржы-экономика саласындағы қолданысын қамтамасыз етуге зор үлес қосатынына сенім білдірді.


Роза СЕКСЕНБАЙҚЫЗЫ

Суреттерді түсірген Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға