Қаржы пирамидасын жарнамалағандар жазаланады
Фото: altaynews.kz
Бұл заң жобаларының негізгі мақсаттары – қолданыстағы заңнамадағы құқықтық олқылықтарды жою арқылы жалған қаржы пирамидаларының кең таралуына депутаттардың жедел ден қоюы, сондай-ақ қаржы (инвестиция) пирамидаларын құру және жарнамалау үшін жауапкершілікті күшейту, - деді Мәжіліс депутаты Юрий Ли.
Заң жобалары мынаны көздейді:
- қаржы (инвестиция) пирамидаларын құру және басқару үшін санкциялардың жоғарғы шегін арттыру;
- қаржы (инвестиция) пирамидаларын жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілеу;
- сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған Ішкі істер органдарына немесе экономикалық тергеу қызметіне қаржы (инвестиция) пирамидаларын жарнамалау туралы қылмыстық істер бойынша тергеулігін айқындау;
- қылмыстық іс-әрекеттерді әкімшілік құқық бұзушылықтардан ажырату;
- құқығы жоқ тұлғалардың пайдасына жеке және заңды тұлғалардың ақшасын және өзге де мүлкін тартуға байланысты жарнама қызметіне тыйым салуды енгізу.
