Қаржы пирамидасын ұйымдастырған БҚО тұрғыны сотталды
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz
12.09.2022 11:04
1243
ҚМА БҚО бойынша департаменті жеке тұлғалардан қаражатты тарта отырып, «Нұр жиһаз» онлайн жобасында жиһаз ойнату арқылы, міндетті түрде жаңа салымшыларды тарту шартымен қаржылық пирамидасын ұйымдастырған азаматшаға қатысты қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды El.kz департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Тергеу барысында 7,5 млн теңгеден аса мүліктік залал келтірілген 153 азамат анықталды. Сот істі талқылап, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған азаматшаны кінәлі деп танып, қаржылық және коммерциялық ұйымдарды басшылық лауазымдарды атқару құқығынан 7 жылға айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады», делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Құрылыс нарығындағы монополия қашан жойылады?