«Арзан бағада тұрмыстық техника». 33 жастағы әйел оралдықтарды 124 млн теңгеге алдады
Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
09.02.2024 11:00
1852
Орал тұрғындары арзан тұрмыстық техника аламыз дееп тақырға отырды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
1991 жылғы жергілікті тұрғын арзан бағада техника алатындармен байланысып, ақшаларын алдын ала алып отырған. Жалпы сомасы 123 млн 994 370 теңге шығын келтірген.
Сот ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағына сәйкес Орал қаласы прокурорының бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхатын қанағаттандырды, – дейді қаланың мамандандырылған тергеу сотының баспасөз қызметі.
Әйел адам екі айға қамалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы облысында есепші мұғалімдердің 90 млн теңгесін жымқырған