Жаңалықтар

Арыстанбектің кезінде «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» деген атақ бес мың доллардан сатылған

Арыстанбектің кезінде «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» деген атақ бес мың доллардан сатылған
Фото: El.kz 10.05.2023 13:45 2369

El.kz ақпараттық агенттігінің «Базарlike» жобасына сұхбат берген актер Алмат Сақатов Қазақстанда атақтардың сатылатынын айтты.

Айтуынша өзін ұсынып атақ алғысы келмейді екен.

Қазір «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» деген кезде сахнаға 25ке енді толған жас бала шығатын болды. Неге? Себебі ол атақтар сатылады. Арыстанбектің кезінде «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» деген атақ бес мың доллардан сатылды. 30 жыл сахнада жүрген маған да осындай ұсыныс болды. Мен алмадым. Маған не керегі бар оның, - деді актер.

Кезінде «Дарын» жастар сыйлығын алған актер сахнадағы еңбегін бағалап, өздері ұсынып жатса қарсы емес екенін де айтты. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға