Арыстанбек Мұхамедиұлының сот отырысы басталды
Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша Астана қаласының №2 Байқоңыр аудандық сотында ашық отырыс басталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Экс-министрге қатысты 11 ай күткен сот процесі басталды. Айыпталушы сот отырысына онлайн арқылы қатысып жатыр. Ауа райына байланысты сот залына жете алмаған.
А.Мұхамедиұлының коммерциялық қамауға алынуынан бастап миллиард теңгені ұрлады деген әртүрлі қарама-қайшы ақпарат болды.
Прокурор 2020 жылдың наурыз айында Үндістанда өткен «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» жобасы аясында бір топ адам 221 млн теңге ұрлады деген айып тақты.
Еске салсақ, былтыр 29 мамырда Арыстанбек Мұхамедиұлы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен қамауға алынған болатын.
Антикор Ұлттық музейдің бұрынғы басшысына «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген айып таққан еді.