Жаңалықтар

Арыста жұмыссыз отбасыларға 0,5 гектардан жер телімі беріледі

Арыста жұмыссыз отбасыларға 0,5 гектардан жер телімі беріледі
Фото: © El.kz 10.08.2023 14:35 1170

Арыста жұмыссыз отбасыларға 0,5 гектардан жер телімі беріледі. Олар егін егіп, табыс табулары тиіс. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының Арыс қаласы тұрғындарымен кездесуінде мәлім етілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаладағы жұмыссыз отбасыларға егіншілікпен айналысуға жағдай жасау мақсатында Арыс қаласында жалпы көлемі 50 гектар жер қоршалып, 2 ұңғыма қазылып, арнайы су жинайтын 60 тонналық құрылғы қойылды.

Тұрмысы төмен әр отбасыға жарты гектар (0,5) жер телімі беріледі. Нәтижесінде бұл отбасылар өзін-өзі жұмыспен қамтиды.

Жоба өз тиімділігін көрсеткен жағдайда, жер телімі 100 гектарға дейін ұлғайтылады.

Кездесуден соң облыс әкімі қабылдауға жазылған тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, барлық мәселенің заң аясында шешілетінін жеткізді. Өңір басшысының халықпен кездесуі басқа аудан, қалаларда жалғасын табады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға