Жаңалықтар

Артур Бетербиев бокстан абсолютті чемпион атанды

Артур Бетербиев бокстан абсолютті чемпион атанды
Фото: x.com/MatchroomBoxing 13.10.2024 09:26 146

Кәсіпқой бокстан жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін канадалық Артур Бетербиев (20-0) әлемнің абсолютті чемпионы атағы үшін ресейлік Дмитрий Биволмен (23-0) жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алғашқы раундтарда боксшылар барлау жұмысымен айналысса да, Дмитрий Биволдың ауыр соққылары қарсыласына дөп тиіп жатты. Алайда, алтыншы раундтан кейін ол шаршаңқырап, басымдықты Бетербиевке беріп қойды. 

Шешуші 10, 11 және 12-раундтарда да канадалық боксшы тың көрініп, қарсыласының қарымта шабуыл жасауына мүмкіндік берген жоқ. Тиісінше, төрешілер де жеңісті 114:114, 115:113, 116:112 есебімен Артурға берді.

Айта кету керек, осы жекпе-жекке дейін Бивол WBA Super және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы болған. Ал, Бетербиев WBC, IBF және WBO чемпиондық титулдарының иесі еді.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға