Әртістік жүзуден әлем кубогінде Қазақстан қоржыны тағы бір алтынмен толықты

Фото: instagram.com/druzin.viktor
Фото: instagram.com/druzin.viktor
02.06.2024 23:20
833
Канаданың Маркем қаласында өтіп жатқан әртістік жүзуден әлем кубогі кезеңінде Қазақстан қоржыны тағы бір алтынмен толықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, Виктор Друзин ерлер арасындағы еркін бағдарламада жеңіске жетті. Ол 193.7938 ұпай жинаған.
Күмісті Италия, қоланы Испания спортшылары иеленді.
Әйелдер арасындағы сында Карина Магрупова төрттікке енсе, жұптық сында Ясмина Тұяқова мен Арина Пушкина 11-орында қалды.
Айта кетелік, кешегі жарыс күнінде Эдуард Ким техникалық бағдарламада топ жарған болатын. Бұл екі спортшының да әлем кубогіндегі алғашқы алтыны.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
"Жетісу" футбол клубының директоры қамауға алынды
Келесі жаңалық
Ақтөбеде полиция мыңға жуық көлікті алып жүрді