Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді
Фото: ҰОК
Фото: ҰОК
14.12.2024 09:01
1095
Қазақстандық зілтемірші Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан чемпионатта Артем Антропов 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Ол жұлқа көтеруде 170 келіні, ал серпе көтеруде 230 келіні бағындырып, қоссайыс бойынша 400 келі нәтижені көрсетті.
Екінші орынды Катар спортшысы Ибрахим Фарес Эльбах иеленді (399 келі, 174+225), ал үшінші орын испаниялық Маркос Руиз Веласкоға бұйырды (395 келі, 183+212).
ҰОК мәліметінше, бұл Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы үшінші медалі. Бұған дейін Алексей Чуркин (81 келі) күміс жүлде жеңіп алса, Нұрғиса Әділетұлы (96 келі) әлем чемпионы атанған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Хореография Академиясында Вадим Рзаевтың шеберлік сыныбы өтті
Келесі жаңалық
Үздік нәтиже көрсеткен әскери қызметшілер марапатталды